Нанды талонмен сатып алу жүйесі енгізілуі мүмкін

Астық өңдеушілер мен наубайшылар одағының президенті Евгений Ганн жағдайы төмен отбасылардың мәселесін шешу үшін арнайы талондар енгізілетініне сенімді.

«Нанды талондармен сатып алуды енгізу адрестік әлеуметтік көмек беру бағдарламасын іске қосудың алғашқы қадамы болады. Мен мұны аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек карталары деп атайтын едім. Бұл карта бірден бірнеше қызмет атқаруы тиіс. Тек қана нан сатып алу емес, өзге де азық-түліктер, арзандатылған дәрі-дәрмектер, жолақысын және коммуналдық қызметті төлеуге де пайдаланылуы керек”, – дейді Евгений Ганн.

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров аз қамтылған тұрғындарды қамтамасыз етудің өзге жолы жоқтығын алға тартты.

Ал ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жыл сайын нан бағасын түсіру үшін көп қаржы жұмсалатынын айтты. “Жыл сайын соңғы 5-6 жылда үкімет 1 сұрыпты нанның бағасын түсіру үшін шамамен 7-8 млрд теңге жұмсап келді. Кей жылдары 12-15 млрд теңге жұмсалды. Көмеқаржы көлемі қысқартылып, нан бағасы нарықтың бағасына жақындауы керек деген шешім қабылданды”, – дейді Асылжан Мамытбеков.

Бүгінде бұл қаражат ел бюджетінде қарастырылмаған. Бұған қоса депуататтар көмекқаржы есебінен бөлінген арзан ұнның жартысы қылмыстық жолмен Ресей мен Өзбекстанға кетіп жатқанын айтып дабыл қаққан.

Ал Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі болса, нан бағасы көтерілген жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейі де өзгеріп, әлеуметтік көмек алатындардың саны артатынын ескертті. Елімізде көмекке мұқтаждар саны бірден 2,5-3 миллион адамға көбейеді деп күтілуде.

Шенділер АҚШ пен Еуропа тәжірибесін қайталауға ұсыныс жасауда. Бұл елдерде әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар әр тұрғынның банкте жеке картасы бар. Оған үкімет ай сайын қажет тауарларын сатып алуы үшін қаражат салып отырады. Карта иегері ішімдік пен темекіден өзге кез-келген азық-түлікке төлем жасап, тіпті медициналық қызметті де карта қаражатынан ала алады.

“Бізге де осындай үлгіде әлеуметтік көмекті дамыту керек. Дағдарыстан туындайтын салдарларға алдын ала дайын болу керек. Жағдайы жоқтарға жәрдемақы беріп, наннан бөлек өзге де азық-түлік ала алатындай жағдай жасауымыз тиіс. Коммуналдық қызмет міндетті түрде қымбаттайды. Яғни әлеуметтік көмек пакетіне бұл қызмет түрін де төлеу мүмкіндігін қосқан абзал”, – дейді мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.

Дереккөз7kun.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығына барды

Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Агенттік TikTok-та тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі TikTok желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады.

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

3 маусымда Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің Omir жаңа музыкалық бейнебаяны көрсетілді. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Go Viral фестивалі алғаш рет Астанада өтеді

Go Viral 2017 жылдан бері Орталық Азия елдерінде фестивальдер өткізіп келеді. Биыл алғаш рет 23-24 маусымда Астанада өтеді.

Үкіметте газ саласын дамытудың мәселелері қаралды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.