Бүгін «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі ашылады

Съездің басты мақсаты — «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын талқылау.

Делегаттар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салады. Сондай-ақ, жастар саясатын дамыту жолдары да кеңінен талқыланбақ.

Съезд жұмысы екі күнге жалғасады. Алқалы жиын соңы «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумына ұласады.

Дереккөз24.kz/kz