Көлемі жағынан ең үлкені Есіл ауданы. Аумағы 39 мың 500 гектарға жуықтайды. Оған Ұлттық пантеон да кіреді. Ал Байқоңыр ауданы 18 мың 200 гектарға орналасады. Шығыс қапталында Алматы ауданымен, батысы пен оңтүстігінде Сарыарқамен, өзен бойымен Есілмен шектеседі. Жаңа ауданда 211 мыңнан астам адам тұрады. 15 мың 500 гектарға жуық аумақ Алматы ауданына тиесілі. Ал Сарыарқа жер көлемі жағынан ең кіші аудан болып отыр. Оның қарамағында 6 мың 775 гектар жер бар.
Айта кетейік, құжат adilet.zan.kz сайтында жарияланған.