Министр қазіргі таңда лотерея қызметінен түсетін табыстың 15 пайызы спортты дамытуға бөлініп отырғанын айтты.
«Біздің міндетіміз – букмекер кеңселері, казино қызметі, ойын қызметінің кез келген түрі табысының белгілі бір бөлігін әлеуметтік жобаларға, спортқа бөлуіне қол жеткізу. Бұл біздің позициямыз, халықаралық тәжірибе», — деді Арыстанбек мырза.
Оның айтуынша, Англияда Лондон олимпиадасын өткізуге бөлінген қаржының 32 пайызы лотерея мен букмекер қеңселерінен түскен.
«Бұл оңай мәселе емес. Қазіргі таңда біз заң әзірлеп жатырмыз. Букмекер кеңселеріне қойылатын талаптарды күшейту қажет. Электронды ғасырда букмекер кеңселерін бір аймаққа ауыстыру қауіпті. Олардың барлығы электронды форматқа өтіп кетуі мүмкін. Ал интернет арқылы заңсыз қызметті реттеу өте қиын», — деді ол.