Шарада 2018 жылы Астаналық көрерменнің көзайымына айналған «120», «Көбелектің түсі», «Соңғы хат» сияқты фильмдермен қоса жаңа кинотуындылар да көрсетілетін болады.
Солардың бірі — танымал түрік жазушы Саит Фаик Абасияныктың «Күнкөріс қайығы» атты романының желісімен түсірілген «Екеумізге бір әлем» фильмі. Драмалық фильм «Атаденизфильм» тарапынан 2016 жылы Бургазада атты аралда түсірілген. Режиссері — Йылмаз Атадениз, сценариін жазған — Сафа Өнал мен Саит Фаик Абасиянык. Басты рөлді Эркан Мерич пен Йагмур Айдан сомдайды.
Астана тұрғындары мен қонақтары аталған фильмді 31 наурыз күні Керуен орталығындағы Кинопарк залынан тамашалай алады.