Басты бет Жаңалықтар Кемероводағы өрттен кейін Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының қауіпсіздігі тексерілді

Кемероводағы өрттен кейін Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының қауіпсіздігі тексерілді

Астана әкімдігінде қаладағы көңіл көтеру орталықтарының қауіпсіздік шаралары талқыланды. 

Көрнекі сурет

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарының  (ОСО) өртке қарсы қауіпсіздігі қала әкімдігінің бақылауында. Астанадағы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, қалада адам көп жиналатын 117 сауда нысаны бар, оның 83-і сауда үйі, 9 — сауда ойын-сауық орталығы, 25-і — базар.

Қазіргі уақытта тоғыз ОСО-ның алтауы тексерілген. Үш орталықтан 32 ереже бұзушылық анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 3 адам тартылып, айыппұл салынды. 2 ОСО-да аудит жүргізілді, ал Mega Silk Way Astana-ға тексеру осы жылы жасалады.

Биыл ерекше тәртіппен Астанадағы 50 сауда объектілеріне қатысты тексеру жүргізіледі. Тексеру кезінде қауіпсіздік техникалары ережесінің сақталуы, өрт сөндіру жүйесі мен хабарландыру, эвакуация схемасы мен авариялық шығу жолдарына баса мән берілмек.

Айта кетейік, Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында үлкен өрт шыққан еді. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, одан 60-тан аса адам қайтыс болған, 15 адам ауруханаға жеткізілген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version