Басты бет Жаңалықтар Талдықорғанда комикс және поп-мәдениет фестивалі өтті

Талдықорғанда комикс және поп-мәдениет фестивалі өтті

Алматы облысында комикс және поп-мәдениеті туралы фестиваль өткізілді. Келген қонақтар фестивальдің ерекше жанрда өткеніне тәнті болды. Аталмыш іс-шараға Жуматай Оспанұлы, Евгений Яковлев, Руслан Хубиев пен қала тұрғындары қатысты. Сонымен қоса, «Комикстерді жинау дегеніміз не?», «Комикстердің шығу тегі» тақырыптарында шеберлік сағаттары өткізілді.

©Алматы облысының баспасөз қызметі

Комикс – суретпен салынған хикая. Ол әдебиет және сурет өнерін ұштастырады. Қазіргі таңда комикстердің оқиғалары әлемді құтқару, әділетке жақтасу мақсатымен шығарылып жүр. Ерекше күшке ие қаһармандарға қарсы тұратын жағымсыз образдар да комикстерде көрініс алып жатады. Парақ бетінен киноиндустрия бағытына сырғып барған бұл өнер әр дәуірде әртүрлі танылды.

Комикс
©Алматы облысының баспасөз қызметі

«Бүгінгі күні комикстерді халық дұрыс түсіне алмай жүр. Себебі, жоғарғы буын өкілдері оларды маңызды емес кейіпкерлер ретінде қабылдайды. Сондықтан осы шара арқылы үлкендерді осы жайлы хабардар етіп, бала мен ата-ана арасындаға қарым-қатынасты жақындатқымыз келді», — дейді Ресейден келген коллекционер және комикс блогер Руслан Хубиев.

Аталмыш фестивальда сонымен қатар, «Қазақстан 2017» халықаралық кітап көрмесінде «Үздік графикалық басылым» номинациясы бойынша жеңімпаз болған «Ермек батыр» кітабындағы кейіпкерлер таныстырылды. Мәдибек Мұсабековтың шығарған отандық өнімі еуропалық стандарттар деңгейінде жасалған тамаша сапаның үлгісі бола білді.

©Алматы облысының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, іс-шара көрермендерін отандық фильмдердің көрсетілімімен, «Қазақ хандығы» және «Hobby game» үстел ойындарымен, «Salben comics» баспа үйінің шеберлік сабағымен және де тақырыптық жәрмеңкелерімен қуантты.

Айта кету керек, «Үздік косплей» байқауында «Ривиялық Геральт» образын сомдаған Антон Филипов бірінші орынды иеленді. Ол құттықтау дипломы мен смартфонның иесі атанды. Осымен бірге, «Қазақ хандығы» ойынының жеңімпаздары да назардан тыс қалмай, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version