Басты бетЖаңалықтарТалдықорғанда комикс...

Талдықорғанда комикс және поп-мәдениет фестивалі өтті

Комикс – суретпен салынған хикая. Ол әдебиет және сурет өнерін ұштастырады. Қазіргі таңда комикстердің оқиғалары әлемді құтқару, әділетке жақтасу мақсатымен шығарылып жүр. Ерекше күшке ие қаһармандарға қарсы тұратын жағымсыз образдар да комикстерде көрініс алып жатады. Парақ бетінен киноиндустрия бағытына сырғып барған бұл өнер әр дәуірде әртүрлі танылды.

Комикс
©Алматы облысының баспасөз қызметі

«Бүгінгі күні комикстерді халық дұрыс түсіне алмай жүр. Себебі, жоғарғы буын өкілдері оларды маңызды емес кейіпкерлер ретінде қабылдайды. Сондықтан осы шара арқылы үлкендерді осы жайлы хабардар етіп, бала мен ата-ана арасындаға қарым-қатынасты жақындатқымыз келді», — дейді Ресейден келген коллекционер және комикс блогер Руслан Хубиев.

Аталмыш фестивальда сонымен қатар, «Қазақстан 2017» халықаралық кітап көрмесінде «Үздік графикалық басылым» номинациясы бойынша жеңімпаз болған «Ермек батыр» кітабындағы кейіпкерлер таныстырылды. Мәдибек Мұсабековтың шығарған отандық өнімі еуропалық стандарттар деңгейінде жасалған тамаша сапаның үлгісі бола білді.

Комикс
©Алматы облысының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, іс-шара көрермендерін отандық фильмдердің көрсетілімімен, «Қазақ хандығы» және «Hobby game» үстел ойындарымен, «Salben comics» баспа үйінің шеберлік сабағымен және де тақырыптық жәрмеңкелерімен қуантты.

Айта кету керек, «Үздік косплей» байқауында «Ривиялық Геральт» образын сомдаған Антон Филипов бірінші орынды иеленді. Ол құттықтау дипломы мен смартфонның иесі атанды. Осымен бірге, «Қазақ хандығы» ойынының жеңімпаздары да назардан тыс қалмай, бағалы сыйлықтармен марапатталды.