Аталған басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, алдағы жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтеді. Журналистің «келесі қарсыласың кім болады?» деген сұрағына қазақстандық боксшы «Әзірше білмедім. Оның маңызы жоқ» деп жауап берген.
Қанат Ислам – бірінші орта салмақтағы WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері.
Жерлесіміз шаршы алаңдағы соңғы кездесуін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткізген. Ол тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен канадалық Брэндон Кукты (19–1, 12 КО) жеңген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам Top Rank промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырған. Аталған компания WBO нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы боксшы Василия Ломаченконың (10–1, 8 КО) ісін жүргізеді.