Басты бет Жаңалықтар Бүгін Қазақстан-Болгария матчы тікелей эфирде көрсетіледі

Бүгін Қазақстан-Болгария матчы тікелей эфирде көрсетіледі

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Болгария құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

©Көрнекі фото

Матч Венгрияның Фельчут қаласында Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жақында ғана екі құрама да бір-бір кездесуден өткізді. Қазақстан құрамасы Будапеште Венгрияны 3:2 есебімен жеңсе, Болгария өз алаңында Босния және Герцеговинадан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Ал қазақстандық футбол маманы Андрей Ферапонтов жаңа бапкердің дебюттік кездесуіне жақсы баға берді.

«Біздің құрама тамаша ойын көрсетті. Стоилов қысқа уақыт ішінде командалық ойын ұйымдастыра білді. Ойыншылар еш қысылмай ойнап, қорғаныста сәтті қимылдап, өз мүмкіндіктерін пайдалана алды. Әсіресе, жастар – Зайнутдинов пен Сейдахмет жақсы қырынан танылды. Хижниченко өзіне жүктелген міндетті жақсы атқарса, Муртазаев та жақсы ашылды. 3:2 есебімен жеңіп тұрып сол есепті сақтап қалуға тырыспады, әрі қарай ойын барысын бақылай берді. Олардың сенімді ойнағаны маған қатты ұнады» –  дейді ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version