Басты бетЖаңалықтарҚазақ жігіттері...

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Бір рет тұрмыс құрған әйелге мен үйленбес едім. Себебі, біздің қазақтарда, біздің ұлтымызда ондай жоқ.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Мен тұрмыста болып келген қызға үйленбеуші едім.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Қыз бала арын сақтағаны дұрыс. Мен арсыз әйелді алмаймын.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Дұрыс адам болса, үйлену керек. Біреулер отбасы жағдайына орай айырылысып жатады. Ал ар жағында ол дұрыс адам болып, дұрыс отбасы құра алатын болса, үйленуге болады.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Жоқ, өз басым қарсымын. Бұрын қателік жасаған адам, тағы қателікке ұрынатын шығар деп ойлаймын.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Өз басым үйленбес едім.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Жоқ, себебі, отбасын құру деген өте маңызды қадам. Менің нағыз махаббатым міндетті түрде бұрын-соңды тұрмыс құрмаған болуы керек. Бір рет қана тұрмысқа шығуы керек деп ойлаймын.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Әр қыз әртүрлі ғой. Өз басым үйленер едім. Онда тұрған ештеңе жоқ.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Тағдыр солай болса, мүмкін, кім біледі?

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Болады ғой үйленуге? Олар да үміті бар адамдар. Ажырастым дегенде, қарамай кетуге болмайды.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Ажырасты екен деп, бөліп-жарып қалдырмайсың. Ол да адам баласы. Өз басым үйленетін едім.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Әрине, ол да адам емес пе? Қоғам өзгеруі керек, бұл адамның өмірі ғой. Онымен олай ойнауға болмайды. Өмір болған соң әркім өз бақытына лайық.

Қазақ жігіттері ажырасқан әйелге үйленуге қалай қарайды

— Екі жас келіссе, ажырасып, қайтадан қосылса, болады.

ДереккөзNUR.KZ