Екі өңірде тас жолдар жабылды

БҚО ТЖ департаментінен хабарлағанындай, көктайғаққа байланысты Орал-Атырау тас жолы жабылды. Бүгін сағат 02.00-ден бастап осындай шешім қабылданды. Аталмыш бағытта жол қозғалысының қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, өңірде соңғы күндері ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше рет ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 22 наурызда күннің жылынуына байланысты қар еріп, су деңгейі көтеріліп, жайылмаларға шығу қаупі бар.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына (жауын, көктайғақ) байланысты облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент» тас жолы ішінара барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Дереккөзkazinform.kz