Кептелістерден қашыңыз. Бұл — қаншалықты қарапайым болса да, пайдалы кеңес. Жолға шықпастан бұрын, бағытты анықтап алу уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейді. Қозғалтқыштың көлеміне байланысты орта есеппен бос жүріске 1- 1,5 литр шығындалады. Сол себепті қазіргі моторларды жүрерден екі-үш минут бұрын қыздырып қою тиімсіз.

Егер бензинді үнемдегіңіз келсе, жоғары жылдамдық туралы ұмытқаныңыз жөн. Бұрылыстарда жылдамдықты ақырындап азайтыңыз. Тежегішке бірден басудан бас тартыңыз. Ең дұрысы, жанармайды үнемдеу үшін, көліктің құжаттамасында көрсетілген крейсерлік жылдамдығын қолданыңыз.

2. Аэродинамикалық кедергісін төмендетіңіз

Трассамен жүрген кезде, автомобилдің орағытқыштығын жақсарту үшін терезені жауып қойғаныңыз дұрыс. Дәл осы себеппен көлік төбесіндегі жүк салғышты алып тастауға кеңес береміз.

Негізгі жүк салғыштан керек емес заттарды алып тастап отыру керек. Бұл да жанармайдың үнемделуіне үлес қосады.

3. Қосалқы құралдарды өшіріп қойыңыз

Уақытында өшірілген кондиционер, жылытқыш, фарлар да жанармайды үнемдеуге септігін тигізеді. Бұлардың барлығы генераторға қосымша күш түсіріп, отынды бекерге шығындайды.

4. Көлігіңізді көлеңкеге қойыңыз

Көлікті дұрыс орынға қоюдың да пайдасы бар. Ыстық кезде, көлігіңізді күн астына қоймағыныңыз абзал. Ыстық ауа отынның булануына әкеледі. Сол себепті көлеңкені таңдағаныңыз жөн.

5. Бензинді қалай дұрыс құю керек?

Түнде

Автомобильге бензинді түнде құйған әлдеқайда тиімді. Тәжірибелі жүргізушілер жанармай бекетіне таңертең ерте немесе түнде, яки күндіз салқын уақытта барады.

Жанармайдың тығыздығы температураға тәуелді. Ол қанша жоғары болса, соншалықты төмен көлем бакқа келіп түседі. 

Жанармай багына толтырып құйыңыз

5–10 литр ғана құйып, бірнеше күннен кейін жанармай бекетіне қайта келу — бос шығын. Ақыры жұмсалатын отын болғандықтан, оны толтырып құюдан қашпаңыз.

Бензин маркасын таңдауда фанатизмге берілмеңіз. «Қымбат жанармайдың бәрі жақсы» деген түсініктен де ада болыңыз. Дұрысы — өндірушінің нұсқауына жүгіну.

Жеңілдіктерді қолданыңыз

Акциялар, түрлі бағдарламалар, бонустар мен жеңілдіктер жайлы да ұмытпаңыз. Жанармай бекеттерінің көбінде дисконт карталары бар. Оларды сұраудан еш қысылмаңыз.

6. Көлігіңізді күтіңіз

Уақытында техникалық байқаудан өтіп тұру көлік жағдайының қалыпты болуына, жанармай шығындарының алдын алуға көмектесетінін ескеріңіз.

7. Қозғалтқышты жылытыңыз

Қыста қозғалтқышты қыздыру үшін көп жанармайды шығындауыңызға тура келеді. Сол себепті дәл осы мезгілде қозғалтқышты жылылап қоюдың қамына кірісіңіз.