Көкөністер бағасының қалай ауысқандығы жөнінде ауылшаруашылығы басқармасы мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, бүгінде «Шапағат» коммуналдық базарында картоптың бағасы 115 теңге, пияз – 100 теңге, сәбіз – 105, капуста – 90 теңгеден сатылып жатыр.
«Биыл картоптың бағасы 25 теңгеге арзандады, пияз 5 теңгеге, капустаның бағасы сол қалпында қалды», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Сондай-ақ жарманың бағасы төмендеген. 2017 жылы күріштің бағасы 210 теңге, қарақұмық жармасы – 253 теңге, қанттың бағасы – 230 теңге болған.
«Биыл күріш пен қанттың бағасы 40 теңгеге арзандаса, қарақұмық екі есе арзандады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, мамандар өзге де әлеуметтік емес азық-түліктердің бағасы өскенін айтты.