1. «Ген высоты, или Как пройти на Эверест»
- Ресей, 2017 жыл.
- Рейтинг: 8,1.
Тибет аймағынан Эверест шыңын бағындыру туралы деректі фильм. Түсірілім тобымен бірге Ресей экспедициясы шыңды қалай бағындырғаны, қиындықтары мен табиғат жайлы пайдалы ақпарат ала аласыз.
2. «Планета Земля 2»
- Ұлыбритания, 2016 жыл.
- IMDb: 9,1.
Ғаламшарымыздың әлі толық ашылмаған құпиялары жайлы сирек кездесетін кадрларды қамтыған фильм. Сыншылар фильмге «жабайы табиғатты, таулар мен аралдарды, джунгли, шөлдерді дәлі осылай бұған дейін терең зерттелмегендігін» айтады.
3. «ВВС: Чудесные времена года»
- Ұлыбритания, 2016 жыл
- IMDb: 8,3.
Бұл фильмде жан-жануарлардың мінез-құлқы климаттың өзгеруіне байланысты қандай өзгеріске ұшырағандығы жайлы айтылады. Аптап ыстық, аяз, құрғақшылық кезінде жануарлардың табиғатқа қалай бейімделетіндігі жайлы да біле аласыз.
4. «Что такое здоровье»
- АҚШ, 2017 жыл.
- IMDb: 8,0.
Зерттеуге негізделген фильм медицина, фармакологиялық корпорациялардың құпия тұжырымдарын ашып береді. Авторлардың айтуынша, олар адамдардың көбірек ауырып, дәрілерді соған сай көбірек сатып алуын көздейді. Ол үшін денсаулыққа қалай да зиян әкелу керек. Осы жағдайда супермаркеттердің қалай көмекке келетіндігі жайлы ашып айтып береді.
5. «Тайны миллиардера»
- АҚШ, 2015 жыл.
- IMDb: 8,8.
Роберт Дерст — Америка магнаты. Ол бірнеше қылмысқа байланысты 30 жылдан бері айыпталып келеді, алайда оны кінәлі деп тану мүмкін болмаған. Ұсынылған фильмде Роберт Дерст ушыққан жағдайларды орнына келтіріп, эксклюзив сұхбат береді.
6. «Настоящий гений со Стивеном Хокингом»
- Ұлыбритания, 2016 жыл.
- IMDb: 7,6.
Стивен Хокинг пен оның еріктілер командасы ғаламның сырларын ашуға тырысып, адамзатты алаңдататын сұрақтарға жауап іздейді.
7. Абстракция: искусство дизайна
- АҚШ, 2017 жыл.
- IMDb: 8,5.
Netflix-тің заманауи әрі дарынды дизайнерлерге арнап шығарған деректі сериалы. The New Yorker дизайнын, Nike кроссовкалары мен Fiat автокөліктерінің үлгісін кімдер жасайтынын біле аласыз. Сондай-ақ, әлемді өз қалпында көруімізге кімдердің үлесі бар екендігі жайлы да ақпараттарды аласыз.