«Астана» футбол клубының әніне бейнебаян түсірілді

Өткен жылдың соңында танымал қазақстандық әншілер Қайрат Баекенов, Luina және Нұржан Керменбаев елордалық команданың жеткен жетістіктерінен жігер алып, клубтың «Бiрге» («Вместе») деп аталатын әнін орындап шыққан еді.

Бейнебаянда танымал әншілерден бөлек, «Астана» футбол клубының негізгі ойыншылары — Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Иван Маевский, Ненад Эрич, Ласло Кляйнхайслер, Патрик Твумаси және Джуниор Кабанангалардың қосыла шырқайды.

«Астана» футбол клубының құрылғанына небәрі 9 жыл ғана болғанына қарамастан, 4 жылдың ішінде УЕФА рейтінгінде 452-орыннан 66-орынға көтерілді.

Айта кетейік, «Бірге» әнінің сөзін жазған Қанат Жүнісов пен Алексей Маклай. Бейнебаян режиссері — Едгар Насыров.