Кітап па, әлде кино ма? Стивен Кингтің кино әлемінде әсер қалдырған 5 туындысы

Зеленая миля (ужас, мистика)

Кингтің «Зеленая миля» туындысы Брэм Стокер сыйлығының лауреаты атанған. Бұл туынды кинорежиссер Фрэнк Дарабонтты шабыттандырып, үздік фильмнің түсірілуіне себеп болған. Фильмде басты рөлді Том Хэнкс сомдайды.

Кітап не туралы? Автор өлім жазасына кесілгендер отыратын бөлімшенің күнделікті өмірін сипаттайды. Мұндағы отырған адамдарға шегінерге жол жоқ, себебі заңға ешкім қайшы келе алмайды. Бұл бөлімшеге түскен адамды өлім ғана күтіп тұр. Джон Коффидің осы бөлімшеге түсуі ерекше оқиғалардың орын алуына себеп болады. Оның басқа тұтқындардан қандай ерекшелігі бар? Ол неліктен өлімге асығады? Түрме бөлімшесінің басшысы Пол Эджкомб оған көмек бергісі келеді. Туындының соңы қандай оқиғамен аяқталады?

Зеленая Миля
©friendsmg.com

Зеленая миля

Побег из Шоушенка (ужас, мистика)

Энди Дюфрейнді әйелі тастап кетеді. Араларында болған оқыс оқиғадан кейін, Энди өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Болған жағдайға шын мәнінде кім кінәлі?  Энди жазасын Шоушенк түрмесінде өтейді. Ол заң мен қаржы саласынан сауатты болғандықтан, түрме басшысына мәселелерін шешуге көмектеседі. 20 жыл өмірін түрмеде өткізіп, қашуға жоспар құрады. Шоушенк түрмесінде Эллис Бойд есімді тұтқынмен дос болады. 20 жыл ішінде Энди қандай қиыншылықтарды басынан өткізеді?  Түрмеден қашу үшін қандай жоспар құрады? Эллис Бойдқа бостандыққа шығуға не кедергі?

Туындыны оқырманға әсер қалдыратыны сөзсіз. Кітабын оқығаннан кейін, фильмін көруге кеңес береміз.

Побег из Шоушенка
©vsegda-tvoj.livejournal.com

 Побег из Шоушенка

11/22/63 (ғылыми фантастика)

АҚШ-тың 35 президенті Джон Кеннедидің өлімі барлық Америка халқы үшін өте қайғылы оқиға болады. Оның өлімінің себебі белгісіз. Ғажайыпқа сенесіз бе? Өткен өмірге қайта оралып, болған жағдайды өзгертуге болады ма? Қарапайым оқытушы Джейк Эппинг уақытша басқа өмірге аттанатын порталға өтуге мүмкіндікке ие болады. Оның бас мақсаты — Кеннедиді құтқару. Бірақ ол ойлағанын іске асыру үшін қандай құрбандыққа барады?

11/22/63
©pikabu.ru

Оно (ужас, мистика)

Мэн штатындағы ойдан шығарылған Дерри қаласында 7 бала тұрады. Олар балаларды өлтіретін құбыжықпен шайқасады. Құбыжықтың кез келген кейіпке енетін қасиеті бар. Баяндалатын сюжет әр түрлі уақыт аралығын қамтиды. Олардың бірі басты кейіпкерлердің балалық шағымен байланысты болса, екіншісі ересек өміріне сәйкес келеді. 

Автор құбыжықтардың бет бейнесін қансорғыш (вампир), қасқыр (оборотень), инопланетянинге ұқсас қылып жазған. Мұндағы әр құбыжық кейіпкер балалық шақтағы естеліктерден алынған. Яғни бала кішкентай кезінде неден қорықса, сол көзіне көрінетін болған. Оқиға немен аяқталады? 7 дос құбыжыққа қарсы тұра алады ма? Құбыжықты неліктен «Оно» деп атайды?

Оно
©young.lv

Оно

Кладбище домашних животных (ужас, мистика)

Дәрігер Луис Крид отбасымен бірге кішкентай қалаға көшіп келеді. Олардың үйі қауіпті тас жолында орналасқан. Үйдің жанындағы орманда тұрғындардың үй жануарлары жерленген зират бар. Ол жануарлардың барлығы осы тас жолында көз жұмған екен.

Романды жазуға автордың Смаки есімді мысығының қазасы себеп болған. Жазған туындысы авторға мүлдем ұнамайды. Жазып бітірген соң баспаға беруден алдымен бас тартады. Бірақ қаржыдан қысылған соң, оны басып шығаруға рұқсатын беруге мәжбүр болады.

Романды американдықтар мен британдықтар жақсы қабылдайды. Туынды «Всемирная премия фэнтези» номинациясы мен «Локус» сыйлығына ие болған. 1989 жылы режиссёр Мэри Лэмберт осы туындыны фильм етіп түсіріп шығарады.

Кладбище домашних животных
©pikabu.ru

Кладбище домашних животных