Қазақстанда жасалған отандық көліктер өтпей жатыр

Мәселен, жарты жылда тек 7 мыңға жуық жеңіл автокөлік сатылыпты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 59 пайызға кем. Сұраныстың еселеп азаюы кәсіпкерлерді тығырыққа тіреп отыр.

Сондықтан отандық зауыттар өнімді азайтып, құрастырылатын автомобильдердің санын қысқартудан басқа амалы қалмаған. Өйткені, су жаңа «темір тұлпарлар» өтпей жатыр.

Мұндай келеңсіздікке дағдарыс пен теңгенің құнсыздануы себеп дейді сарапшылар. Оның үстіне автонарықты қолдауға бюджеттен миллиардттар бөлінгенімен, саланың алға басатын түрі жоқ.

ДереккөзКТК арнасы