Басты бет Жаңалықтар Оралда «Қасиетті Қазақстан» макет картасы жасақталуда

Оралда «Қасиетті Қазақстан» макет картасы жасақталуда

Батыс Қазақстан облысынан қасиетті орындар тізіміне 7 нысан кіріп отыр. Аталған нысандарға ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру, олардың құрылысымен қатар, инфрақұрылымды жасақтау бойынша жұмыстарды қамтитын кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, республикалық деңгейде еліміздің киелі орындарын көрсететін «Қасиетті Қазақстан» макет-картасы Орал қаласында жасақталуда.

©www.astana-akshamy.kz

Облыс әкімі А.Көлгіновтың айтуынша, былтыр Сырым ауданында орналасқан Алашорда музейіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, экспозициялар жаңартылып (23 млн.тг.), биыл меценаттар қаржысы есебінен Жәнібек ауданында Ғұмар Қараш кесенесі салынбақ (8 млн.тг). Сонымен қатар, «Жайық қалашығын» аспан астындағы тарихи-мәдени және табиғи-ландшафттық мұражай-қорыққа айналдыру жоспарланған.

Облыстың шалғайында орналасқан «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешеніне республика, өңір тұрғындары мен шетелдік қонақтарды жеткізу мақсатында кіші авиация, жергілікті әуе желілерін дамытуды қолға алудамыз. Осыған орай, 2021 жылға дейін шағын әуе айлақтары салынатын болады. Бұл өңіріміз үшін өте маңызды жоба. Себебі, тарихымызға үңілетін болсақ, Бөкей Ордасы қазақ даласындағы ең алғашқы мектеп, қазынашылық үйі, дәріхана, баспахана ашылған жер, — деді әкім.

Сондай-ақ, меценаттардың көмегімен Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының қасиетті орындарына туристік экспедициялар жасақталып, оған оқуда үздік, пәндік олимпиадалардың, байқаулардың жеңімпаздары атанған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен отбасыларының балалары қамтылатын болады.

Сонымен қатар, республикалық деңгейде еліміздің киелі орындарын көрсететін «Қасиетті Қазақстан» макет картасы Орал қаласында жасақталуда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version