Елдос Сметов Азия чемпионы атанды

Финалда Елдос татами иесі Диорбек Урозбоевты ұтып, Азия чемпионы атанды.

Бүгін тағы екі отандасымыз жүлдені мойындарына тақты. Дидар Хамза 73 килоға дейінгі салмақта күміс медальді иеленсе,. Елдос Жұмаханов 66 килода қола жүлдеге ие болды. Ал Рүстем Ыбыраевқа сәл ғана сәттілік жетіспеді. Ол Дастан Ықыбаев сияқты бірге бесінші орыннан ғана көрінді.

Жалпы, Азия чемпионаты Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы үшін сәтті басталды. Дзюдошыларымыз алғашқы күні үш алтын, бір күміс және бір қола медальді жеңіп алды.

Қазір Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жүлде саны бойынша бірінші орында тұр.

ДереккөзЕгемен