Үй жануарларынан қандай ауру жұғады?

Бұл адам өміріне қауіп төндіретіндіктен, назарларыңызға үй жануарларынан тез жұғатын ауру түрлерін ұсынамыз.

Токсоплазмоз ауруы

Бұл аурудың адамға жұққаны бірден білінбейді. Оның белгісі бірнеше ай немесе жылдан кейін ғана шығады. Науқасты әлсіздік мазалап, ыстығы көтеріліп, жағдайы нашарлай бастайды. Токсоплазмоз әсіресе аяғы ауыр әйелдерге қауіпті. Себебі балаға айтарлықтай зияны тиеді.

Сол себепті аяғы ауыр әйелдердің мысыққа жоламағаны дұрыс. Жүкті әйел үйінде мысық ұстамағаны дұрыс. Ал мысық болған жағдайда, оны далаға серуенге шығармау керек. Сондай-ақ, мысықты ұстаған кезде адам қолын сабындап жуғаны жөн.

Құтыру ауруы

Ит пен мысықтан, жабайы аңдардан адамға құтыру ауруы жұғады. Бұл ауру адам ағзасына қан арқылы тарайды. Оның емі жоқ. Ауруға шалдыққан адамның денесі тырысып, судан жиіркеніп, сал болып, шөліркеп және жағдайы күрт төмендейді. Құтыруға шалдыққан адамға ең мықты дәрігер де көмектесе алмайды. Бірнеше күн азаптанған адамдар осы дерттің соңында қайтыс болады. Сондықтан сақ болған дұрыс.

©telegraph.co.uk

Құтырған жануарлардың ең бірінші мінезі өзгереді. Ондай жануарлар себепсізден-себепсіз мияулайды немесе үреді. Егер сізді осындай жануар тістеп алса, тез арада дәрігерге көрініңіз. Маман жарақатыңызды таңып, ары қарай не істеу керегін түсіндіреді. Әдетте, дәрігерлер жануарлар тістегенде ветеринар-маманға көрінуге кеңес береді. Ал сізді көше жануары тістеген болса, онда арнайы екпе жасатқаныңыз дұрыс.

Құтыруды жұқтырған мысық тырнап немесе тістеп алғанда құтыру ауруы жұғады. Тістелген немесе тырналған жерде алдымен кішкене жара пайда болады. Жараның жанынан лимфикалық түйін шығады. Кей кезде лимфикалық түйін іріңдеп кетеді. Науқастың қызуы көтеріліп, қалтырап, жағдайы нашарлай бастайды. Бұл аурудың бір ғана жақсы жағы, ол ешқандай із қалдырмай жазылып кетеді.

©telegraph.co.uk

Орнитоз ауруы

Орнитоз ауруын жұқтырған адамның өкпесі қабынады. Көшедегі жабайы кептерлерді қолға ұстамаған дұрыс. Кез келген қолға үйретілген кептер адамның қолына отырмайды.

Эхинококкоз ауруы

Адам эхинококкозы – ауыр, созылмалы мүгедектікке дейін апаратын, ал асқынған кезде өліммен аяқталатын құрт ауруы. Эхинококк иттің ішегінде өмір сүреді. Жұмыртқалары немесе оның мүшелері нәжіспен бөлініп, сол ауру жұқтырған ит жүнін, суды, топырақты, шөпті және жұғысқан бөлмені, ыдыстарды ластайды.

Адамдар оның жұмыртқаларын сумен, тамақпен, кір қол арқылы жұқтырады. Егерде қойлар немесе сиырлар ауру итпен бір жерде жатса, оның жұмыртқалары малдың жүніне түсуі мүмкін, одан барып мал қырқу, күту кезінде, сиыр сауғанда және тағы басқа жағдайларда адамның қолына түседі.

©livestrong.com

Эхинококкоз қоздырғыштары адамның кез келген мүшесін зақымдауы мүмкін. Әсіресе бауыр мен өкпе көп зардап шегеді, сөйтіп эхинококкоз ауруы пайда болады. Егер эхинококкозбен бауыр зақымданса, оның оң жағында­ ауырсыну сезіледі, ал өкпе зақымданса, онда науқас­тың кеуде тұсында ауырсыну сезіледі, жөтел, ентігу, кей кезде қан түкіру пайда болады.

Эхинококкоздың алдын­ алу үшін бірінші кезекте қаңғыбас және иесіз иттермен күрес жүргізу және оларға міндетті түрде жылына екі-үш рет дегельминтизация (құрттарға қарсы дәрілеу) жүргізу қажет