Басты бет Жаңалықтар Семейлік студент үш баланы өрттен аман алып қалды

Семейлік студент үш баланы өрттен аман алып қалды

Өрт кезінде үш баланы құтқарған семейлік студент ерлік жасағаны үшін марапатталды.

Оқиға биыл қаңтар айының соңында болған. Құрылыс колледжі жатақханасының төртінші қабатында электр сымдар жүйесі мен электр есептеуіш автоматы жанып кеткен.

Жасұлан Берекеев өрт сөндірушілерді күтпей, кішкентай қыздың жылаған дауысын естіп, көмекке келеді. Оның бетін өзінің бас киімімен жауып, қауіпсіз жерге алып барады. Кейін Жасұлан бесінші қабатқа көтеріліп, тағы екі баланы тауып алады. Олардың беттерін күртесімен жауып, таза ауаға алып шығады.

Осылайша, Жасұланның ерлігінің арқасында 2-ден 7 жасқа дейінгі үш бала аман қалған.

Жасөспірім марапаттау рәсімінде қорқуға уақыт жетпегенін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version