Басты бет Жаңалықтар 1 сәуірден бастап «Tальго» билеттерін 20% жеңілдікпен алуға болады

1 сәуірден бастап «Tальго» билеттерін 20% жеңілдікпен алуға болады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап көктемгі қосымша жеңілдіктерді енгізетіні туралы хабарлайды. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңілдіктер «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының вагондар класына байланысты.

№ 701/702 «Астана-Алматы» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына — 15%, № 703/704 «Алматы-Петропавл» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына — 15%, № 709/710 «Астана-Шымкент» пойызының «Турист» класты вагондарына — 20%, № 89/90 «Астана-Қызылорда» пойызының «Турист» класты вагондарына — 20% жеңілдіктер қарастырылған.

Сондай-ақ, осы пойыздарда динамикалық тарифтерді басқару бағдарламасы жұмыс істейді. Онда билеттің бағасы сатып алған күнге байланысты өзгереді. Билетті алдын ала сатып алатын жолаушы 35%-дық жеңілдікке ие болады. Бірақ, пойыздың кету күні жақындаған сайын билет бағасы қымбаттайды.

Осылайша көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, 1 сәуірден бастап билетті алдын ала сатып алған жолаушыға 50%-дан артық жеңілдіктер ұсынылып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version