Басты бет Жаңалықтар Оңтүстік Қазақстанда былтыр үйленген 21 мың отбасының бес мыңы ажырасып кеткен

Оңтүстік Қазақстанда былтыр үйленген 21 мың отбасының бес мыңы ажырасып кеткен

Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында 21 мың жұп некесін қиып, шаңырақ көтерсе, бүгінге дейін олардың 5 мыңы ажырасып үлгеріпті. Бұл туралы Шымкентте өткен аналар форумында айтылды деп жазады Otyrar.kz.

Фото: Islam.kz

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңірде заңды түрде тіркелген некенің әрбір бесіншісі көп ұзамай ажырасып жатады екен. АХАЖ бөліміне тіркелмейтін отбасылар да аз емес дейді мамандар. Ал, ажырасқан отбасылардың көбінде бір немесе екі баладан бар, салдарынан жалғыз басты аналардың да саны облыста артып кеткен.

Аталған жиында сондай-ақ, мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиесі де сөз болды. Сөз болатынындайы да бар, өйткені, кәмелет жасына толмай жүкті болып қалатын қыздардың көбі осы Оңтүстік Қазақстан облысында. Былтырғы 1 жылдың ішінде 840 оқушының жүкті болғаны тіркелген.

1 пікір

  1. Барлығына ер жігіт кінәлі. Егер жанұясын асырай алмайтын болса неліктен үйленеді? Егер үйленді екен, барлығын мойнына көтеріп жанұясын сақтап қалуы қажет еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version