Оңтүстік Қазақстанда былтыр үйленген 21 мың отбасының бес мыңы ажырасып кеткен

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңірде заңды түрде тіркелген некенің әрбір бесіншісі көп ұзамай ажырасып жатады екен. АХАЖ бөліміне тіркелмейтін отбасылар да аз емес дейді мамандар. Ал, ажырасқан отбасылардың көбінде бір немесе екі баладан бар, салдарынан жалғыз басты аналардың да саны облыста артып кеткен.

Аталған жиында сондай-ақ, мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиесі де сөз болды. Сөз болатынындайы да бар, өйткені, кәмелет жасына толмай жүкті болып қалатын қыздардың көбі осы Оңтүстік Қазақстан облысында. Былтырғы 1 жылдың ішінде 840 оқушының жүкті болғаны тіркелген.