Дзюдошы Ерлан Серікжанов — Гран При турнирінің күміс жүлдегері

Ол алғашқы белдесуінде франциялық Алистер Уардты, екінші кездесуінде Михаил Пуляевты ұтты. Ширек финалда словениялық Андрез Жеребті, жартылай финалда португалиялық Сергио Олейникті иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Өкінішке қарай, дәл осы салмақта белдескен тағы бір дзюдошымыз Ерлан Жақсыбеков жұбаныш финалында Андраз Жеребке (Словения) есе жіберіп, жарыста жүлдесіз қалды.