Қазақстанның 4 облысы мен Алматы қаласында ескерту жарияланды

10-12 наурызда күндіз жылы болуына және жаңбыр жауу ықтималдығына байланысты Шығыс Қазақстан облысының аласа таулы аймақтарының бөктерлерінде ағын су жиналуы мүмкін.

11-12 наурыз күндері жаңбыр жаууына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласының аласа тау өзендерінде сел жүріп, ағын су жиналуы ықтимал.

Ал 10-11 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 метр/секундқа жетсе, 11 наурыз күні облыстың оңтүстік-батысында желдің күші секундына 30 метрден асып жығылуы мүмкін.