Басты бетЖаңалықтарМарк Цукерберг...

Марк Цукерберг оқуға кеңес берген 5 кітап

1. «Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы», Юваль Ной Харари

Адамды «Жер бетінде пайда болғалы еш өзгеріске ұшарамаған жаратылыс» деп ойласаңыз, қателесесіз. 100 мыңдай жыл бұрын ғаламшарымызда адамның алты түрі өмір сүрген. Юваль Ноя Хараридің кітабында сол алты типтің тек біреуі, Homo sapiens-тің қалғандығы айтылады.

«Sapiens кітабынан маған адам өміріндегі діннің эволюциясы жайлы ақпараттар қатты ұнады. Бұл — мен қызығатын тақырып,» — деп жазған Марк Цукерберг A Year of Books парақшасында.

2. On Immunity, Эула Бисс

Европа мен АҚШ-тағы вакцинацияға қарсы қозғалыс кітап авторына қатты әсер етіп, шындықты іздеуге итермелейді. Нәтижесінде Эула Бисс өзінің зерттеуі жайлы, екпенің пайдасы туралы ғылыми дәлелдерге негізделген кітабын жариялайды. Марк Цукербергке бұл кітапты оқуға оның денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін достары кеңес берген.

3. «Ойыншы», Иэн Бэнкс

1988 жылы жарық көрген туынды — «Мәдениет» циклындағы ғылыми-фантастикалық роман. Бұл кітапта адам Галактиканы бағындырғанда және суперинтеллектуалды роботтар баға жетпес байлыққа қол жеткізгенде, не болатындығы айтылған.

Марк Цукерберг — ғылыми-фантастика жанрының фанаты. Оның айтуынша, «Ойыншы» кітабын жаңа идеялар үшін оқып шыққан. Бұл кітапты оқуға Facebook басшысы ғана емес, CEO Tesla мен SpaceX иесі Илон Маск та кеңес береді.

4. «Ғылыми революция құрылымы», Томас Кун

Бұл кітап алғаш 1962 жылы жарық көрген. Туынды қоғамның ғылыми-техникалық жағынан дамуына әсер етеді. Томас Кунның айтуынша, ғылыми білім тек ғылыми революциялардағы секірістер арқасында ғана дамиды.

«Менің ойымша, ғылым — мейірім үшін күресетін күш. Оған құйылған инвестицияның игілігі барша адамзат үшін болмақ,» — деген екен Марк Цукерберг осы кітапты оқығаннан кейін.

5. «Мәңгіліктің бастамасы », Дэвид Дойч

Бұл — Марком Цукербергтің 2015 жылы оқыған соңғы кітабы. Британияның физик-теоретигі Дэвид Дойчтің тұжырымдамасынша, әлем тек жұмбаққа ғана емес, жауаптарға да толы. Оларды тек ашу қажет. Автор ғылыми тәсілдер кез келген құпияны аша алатындығы жайлы айтады. Оны тек ғылымда ғана емес, өнер мен саясатта да қолдануға болады.