Басты бет Жаңалықтар Мереке күндері ауа райы қандай болмақ?

Мереке күндері ауа райы қандай болмақ?

«Қазгидромет» РМК алдағы мереке күндері - 8-12 наурыз күндеріне ауа райы болжамын жариялады.

©Көрнекі сурет

«Қазақстанда мереке және демалыс күндері ауа райы құбылмалы болуы ықтимал. Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен циклон келеді, соған байланысты республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде жауын-шашын түсіп, қатты жел тұруы мүмкін, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, температура жоғарылайды», — деп жазылған хабарламада.

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 8-13-тен 15-20-ға дейін, кей жерлерде 25 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 3-8 градус жылы болады. Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарына Батыс Сібірден суық және ылғалды ауа массалары келе бастайды.

Осыған байланысты қар мен жаңбыр жауып, боран, көктайғақ болады, жылдамдығы 15-23 м/с болатын жел тұрады және күн суытуы ықтимал.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version