Шымкентте қыз зорламақшы болған екі ер адамға жаза кесілді

Сот отырысы жабық режимде өтті. Басылымның мәліметінше, 21 ақпан күні жұмыстан қайтып келе жатқан қызға 20 және 45 жастағы ер адамдар шабуыл жасаған.

Сот мәліметтеріне сүйенсек, екі ер адам осы күні жұмыс іздейді, дегенмен мақсатарына жете алмаған олар кешке қарай ішімдік ішуді жөн көреді. Ақшасы таусылғаннан кейін олардың бірі екіншісіне бірінші кездескен адамды тонауға ұсыныс жасайды. Осыдан кейін олар жолда жас қызға кезіккен, қыздың ақшасы болмағандықтан, оны зорлауға бекініпті.

Қыздың айқайлағанын естіген жүргіншілер екі ер адамның бірін сол жерде ұрады, ал екіншісін полиция жарты сағаттан кейін ұстады. Қызға шабуыл жасағандардың бірі оқиғадан екі күн бұрын тағы бір қызды тонаған екен. Сот олардың бірін жеті жылға бас бостандығынан айырса, екіншісін 6,5 жылға соттады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

ДереккөзTengrinews.kz