Бұл мәлімет Қызылорда қаласы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткізген нәзік жандыларды қабылдау шарасында айтылды. Жалпы, Сыр өңірі баланың дүниеге келуі жөнінен елімізде алдыңғы қатарда келеді. Бір ғана Қызылорда қаласында бүгінде 3 мыңнан астам Батыр ана бар. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жасы 100-ден асқан 2 кейуана тұрады.
«Қазіргі таңда қала әкімдігіне қарасты құрылымдарда 209 мемлекеттік қызметкер болса, олардың 50 пайызға жуығы нәзік жандылар. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың хатшысы, әкімдікке қарасты 4 дербес бөлімді және қала әкімі аппаратында 2 бөлімді нәзік жандылар басқарып отыр», — деді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.