Жақында сырқаттанып қалған әнші тыңдармандарынан дұға тілеген болатын. Көпшілік оның тезірек сауығып кетуін тілесе, кейбірі мұндай ұсақ-түйекпен елді алаңдату дұрыс емес дегендер де болды.
«Мен өзі қандаймын?
бермесе алмаймын
Шақырмай бармаймын!
Біреуге күндеймін
Біреуге айдаймын
Біреуге жанашыр
Біреуге жаудаймын,
ешкімге ақталып
Ештеңе салмаймын,
Сосын мен әйелмен
Соғыса алмаймын!
Тілектес ағайын
Сендермен таудаймын
Сендермен лаулаймын
Сендерсіз жарқырап
Жұлдыздай жанбаймын!
Қолдаушым сен бар да
Қорғаушы ел бар да
Мен әлі қырандай
Көгімде самғаймын!
Қазағым қайғырса
Ай қарап қалмаймын,
Тексізден туғам жоқ
Тегімнен аумаймын!
Еңбектің жолында
Ешқашан талмаймын,
Әнімді барымды
Халқыма арнаймын!
сұрасаң себебін
Өзімді сеземін
Сондықтан сондаймын!!! #Төреғали_Төреәлі
кім пікір жазбай жатыр не деп маған,
жаныма жақын тартып керекті алам.
Ауруxана ішінде ауыр аура
Бөлек әлем білгенге бөлек ғалам.
Бір қиын жағдайдан аман қалдым
Болмаса больницаға не деп барам?
Күлетіндер бар екен езу тартып
Мен оларға ішімнен ее деп қалам)
Айналайын ағайын жарым ырыс
Жақсы сөз айтыңдаршы демеп маған
Әуелі Алла Жебеушім содан кейін
Сендердің дұғаларың керек маған!» — деп жазды әнші, айтыскер ақын.
Ауырма, айналайын! Ел жақсы болсаң да, жаман болсаң да сөз етеді.
Ауырма жазылып кет
ӘЙЕЛІМЕН СОҒЫСА АЛМАЙМЫН ДЕГЕНІ, ОЛ ӘЕЛІН СЫЙЛАҒАНЫ ДЕП БІЛЕМІН. МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СОҒЫСУ, ҰРЫСУ, ТӨБЕЛЕСУ ЕМЕС
Төреғали, Алла шипасын берсін! Қазақ не демейді. Жақсыменен жаман бір жүреді. Жаман болмаса жақсының қадірін білмей қаласың. Тілеуіңді тілейтін қазақ көбірек екенін ойла. Бір биеден ала да туады, құла да туады. Өз қолыңды өзің кесе алмайсың, қандай болса да ол сенің елің, қандай болса да жақсы көресің. Әй қазағым-ай дейсің де қоясың. Қанатың талмасын! Қазағыңды биіктерден көрсете бер! Қаламың мұқалмасын!
Кайжерде журседе аман болсын!
Алла, шипасын берсин!!! Казактай сен сиякты нар тулгалы жигиттер кажет!!! Тез жазылып кетуине тилектеспин! Онерин орге оссин!!!
Қалаисыз бяан апаи тез жазылып кетуіңізге тілектеспін
осы Торегали маган мулде унамайды
шынымды айтсам мен Төрегали Төрәлінің өлеңдеріне билегенді қатты ұнатамын .
Халқың демер бірақта демуші Алла
ешқашан өлемейсің сен халқың барда
Биікпін мен биікпін деген емес
жыл басы болалмаған үлкен нарда
Ассалаумағалейкум Бауырым!
Дертті де, шипасын да беретін бір Алла! «Әуелі Алла, содан соң ауым-бауым…» деген сөздер өте қате естіледі негізі! Бір Алла — болды! Қалғандары себепшілер ғана! Аллам шипасын берсін! Әумин!
Мысалға:
«…Айналайын ағайын жарым ырыс,
Жақсы сөз айтыңдаршы демеп маған.
Дұға қылып Жебеушім бір Алла,
Маған қажет дұғаларың қазір таңда!»,-деуге болатын шығар?!.
Ауырмаңыз,өнердің биік шыңына жетеберіңіз
Төрегали балам, алла саган шипа берсін, бүкіл халық сенің тілеуіңді тілейді. Көп түкірсе көл деген , көптің тілеуі қабыл болсын.
Төрегали. балам канатын талмасын жұлдыздаи жаркыраи бер ел болган сон әртүрлі пікір аитылады жаксысын жанына ал терісін коясал
Торегали ага алла каласа шипасын берсин. Сиздей азаматтар азайып кетти гой казир, бари 91-ге еликтейди.