Төреғали Төреәлі: Әйелмен соғыса алмаймын

Жақында сырқаттанып қалған әнші тыңдармандарынан дұға тілеген болатын. Көпшілік оның тезірек сауығып кетуін тілесе, кейбірі мұндай ұсақ-түйекпен елді алаңдату дұрыс емес дегендер де болды.

«Мен өзі қандаймын?

бермесе алмаймын

Шақырмай бармаймын!

Біреуге күндеймін

Біреуге айдаймын

Біреуге жанашыр

Біреуге жаудаймын,

ешкімге ақталып

Ештеңе салмаймын,

Сосын мен әйелмен

Соғыса алмаймын!

Тілектес ағайын

Сендермен таудаймын

Сендермен лаулаймын

Сендерсіз жарқырап

Жұлдыздай жанбаймын!

Қолдаушым сен бар да

Қорғаушы ел бар да

Мен әлі қырандай

Көгімде самғаймын!

Қазағым қайғырса

Ай қарап қалмаймын,

Тексізден туғам жоқ

Тегімнен аумаймын!

Еңбектің жолында

Ешқашан талмаймын,

Әнімді барымды

Халқыма арнаймын!

сұрасаң себебін

Өзімді сеземін

Сондықтан сондаймын!!! #Төреғали_Төреәлі

кім пікір жазбай жатыр не деп маған,

жаныма жақын тартып керекті алам.

Ауруxана ішінде ауыр аура

Бөлек әлем білгенге бөлек ғалам.

Бір қиын жағдайдан аман қалдым

Болмаса больницаға не деп барам?

Күлетіндер бар екен езу тартып

Мен оларға ішімнен ее деп қалам)

Айналайын ағайын жарым ырыс

Жақсы сөз айтыңдаршы демеп маған

Әуелі Алла Жебеушім содан кейін

Сендердің дұғаларың керек маған!» — деп жазды әнші, айтыскер ақын.

ДереккөзToregalitoreali