2018 жылдың соңына қарай Қытай инвесторлары Қарағандыда «Forever Fourshing Co. Ltd» ЖШС компаниясымен бірлесе отырып металл балқыту зауытын іске қосады. Инвестиция көлемі 7,4 млрд теңге.
Жылына 300 мың тонна өнім дайындауды жоспарлап отырған зауыт, шығарған өнімінің 80 пайызын Иран, ҚХР және Ресейге экспортқа шығармақ.
Кәбіл өнімдерін дайындайтын екінші зауыт 2021 жылға жоспарланған, 2024 жылы ол өзінің толық жобалық қуатына енгізілмек. «ХУА ТУН (ОРТАЛЫҚ АЗИЯ) КАБЕЛЬ» ЖШС инвесторлары үшін бұл жобаның құны 13,6 млрд теңгеге түседі.
«Кәбіл өнімдерін Қазақстан шетелден, басым бөлігін Ресейден алып отыр», — дейді «Forever Fourshing Co. Ltd.» компаниясы директорының орынбасары Асқар Оразбеков.
Айта кетерлігі, екі зауыт та шетелдік инвесторлардың қаржысына салынады.