Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. №1 олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшының жаттықтырушысы — Николай Курноскин.
Енді Айнұр финалда Тайпей спортшысымен 1-орынға бағын сынайды. Айта кетейік, Айнұр — Сыр өңірінен Олимпиада ойындарына 5-ші жолдама алған спортшы.