Төреғали Төреәлі Әлиханов

Жас өнерпаздың өнерін насихаттап, халыққа ерекше кеш болғанын айтсақ деп, «Отырар» телеарнасының тілшілері де құрал-сайманын арқалап, осы концертке барған-ды. Бір қызығы, ұйымдастырушылар журналистерді ішке жібергісі келмеді. «Рұқсат жоқ» дейді. Түсініксіз. Жабық кешке келдік пе деп қалдық.

Екіншіден, Қазақстанның әр облысында жеке шығармашылық кешін өткізіп жүрген өнерпаздың өнері бұқара халыққа жергілікті телеарналар мен басылымдар арқылы насихатталатыны белгілі. Тіпті оларды ауылдағы ағайын мен әр өлеңін жаттап алып, ыңылдып айтып жүрген жас толқын телеарна арқылы танитыны анық. Сонымен, ұйымдастырушылармен, басқа да жауаптылармен айтысып жүріп, ішке ендік.

«Түркістан» сарайында ине шаншар орын жоқ. Төреғалиды халық жылы қабылдады. Қосыла ән айтып, қуанып отырғанына тәнті боласың. Сахнаның төрінде тұрған Төреғалидің өзі кешті еркін, бар ықыласымен жүргізіп те, ән айтып та үлгеріп жатыр.

Залды аралап, гүл ұсынған әрбір жанға алғысын айтып жүр. Әзіл-шыны аралас әңгімелерін айтып, тыңдармандардың көңілін бір серпілтті. Кештің ортасында продюсері әрі әкесі Төреәлі мырза сахнаға шығып, әкелі-балалы біріге ән шырқады. Тіпті «ТТТ» маркасымен киім үлгілерін шығарғанын мақтана айтып, осы кештегі бір азаматқа сый да жасады. Осындай сәттерді түсіріп, көрерменге көрсететін болдық деп тұрсақ… қызықтың бәрі алда екен.

Әкесінің қолы босаған сәтін пайдаланып, біз де олардың жанына бардық. Жергілікті телеарнадан екенімізді айтып, өзімізді таныстырып, сұхбат алсақ деген көңілімізді су сепкендей басты. Жаңа ғана әніне тамсанып, қуанған бізге Төреәлі мырза «Жергілікті телеарнаға сұхбат бермейміз. Қазір біз бір нәрсе айтсақ, даурықтырып әкетесіңдер» деп, қарсы болды. Битке өкпелеп, тонын жаққанға ұқсады «өнерлі әкенің» бұл тірлігі!

Халық алдында бір сөйлеп, былай шығып, бір сөйлеген продюсердің бұл сөзі телеарна мен оның көрерменін кемсіткені емес, ең алдымен, өзінің деңгейін көрсетіп ергенін өзі де байқамай қалды-ау, шамасы!? «Ұлық болсаң, кішік бол» деген сөзді айтқан дана қазақтың жігіттері әрекеттері мен айтар сөздерін шамалы ойланып жасап, айтса, бәрі басқа болар ма еді. Жақсы ән тыңдап, сіздерге оның әдемі сәттерін жеткізбек болған ойымыз осылай жүзеге 100 пайыз аспай қалды. Ғафу етіңіз, патша көңіл көрермен!

5 пікір

  1. төреғалый бақты көтере алмаған шығар әтең бес күндік жалған дүне екенін ұмытадығой пенде деген

  2. Төреғали өте таланты бала көпшілікке ұнайды. Ол жас бала Қазақтың осындай дарынды балалары көп болып өссе бергеніне қуанайық . Қазақтан шыққан шыққан құртақандай балаларымызды ықтай берсек біздің елдігіміз, үпкендігіміз едігіміз қайдыа. Еңбектің әр жолында қиындығы да түсінбестігі де әртүрлі көзқаоаста болады . Бірақ тымақты лақтырып жаулықты жілбіретіп шүлдірлеп келіспейтін әңгімелер айта бермей елімізге амандық тілеп бейбіт өміріміз ұласа бергенін алладан сұрайық. Үлкендер осыған тілеулес болыңдар

    • Көп әншіге ұқсамайтын әдемі,анық даусы бар,халқының алдында орнымен еркелей алатын баламызға Алладан амандық тілеймін.Өнері өрге жүзсін!

  3. Отiрiкпен,шындықтың ара жiгiн ажыратып алып ренжу керек. Қазақтың нагыз патриоттық әндерін накышына келтіріп, әрбір қазақтың жүрегіне жеткізіп айтып,халықтың сүйктісине айналып еді. Ол да такияларына тар келип,журналистердiн бiр-бiрiне қарсы қоюы,енді ел,жерге бөленді деп пәле жауыбы қалып еди.Журналистер шайтан болып шагыстырмай отырсын.

  4. Төреғалида, әкесі де жұлдызда ауруға шалдыққан. Сұхбат сұрағандағы екеуінің түрін көрсең. Құдды әулие сияқты, ұлы адамдар сынды. Көкіректері кернеп, кісі болып тұр. Ал, егер республикалық телеарна журналистері сұхбат сұраса, олар басқаша жауап берер еді. Семіздікті қой ғана көтере алады деген осы.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!