«Құрметті қазақстандықтар, Парламент мүшелері, Үкімет мүшелері және шақырылған қонақтар. Наурыз айының еліміздің тәуелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар екенін білеміз. Көктемнің алғашқы күнінде біз алғыс айту күнін атап өтеміз. Сонымен бірге Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айының еншісінде. Қымбатты әйелдер мерекесін де наурыз айында атап өтеміз. Осы ізгі оқиғалардың бәрі Қазақстан халқын біріктіре түседі. Рухани жаңғыру бағдарламасы да осыған бағытталған. Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясаты арқасында барлық сынақтан сіздерменен бірге өтіп келе жатырмыз. Ел иесі қазақ халқының маңында ұйысқан барша этнос мұны жоғары бағалайды. Өздеріңіз білесіздер, бүгінде Алматы, БҚО, Жамбыл және ОҚО-да «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтер бой көтерді. Осындай ізгі бастамалар халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілін көрсетеді. Жақсылығын жадында сақтай білген елдің рухы қашан да биік. Бұл тек айтуға жәй сияқты болып көрінеді, ол — біздің буын бастан кешкен оқиға. Тауар вагондарымен Солтүстік Кавказдан, Шығыстан, өңкей босқындарды алып келіп, айдалаға тастап, әр үйге тықпалағанда, бала-шағамен қабылдаған біздің, менің әкемнің жанұясы болғанын білесіздер. Сондықтан осылай этностардың бүгінгі күні ризашылығын білдіріп жатқаны қазіргі ұрпаққа ата-аналарының берген өсиеті деп санаймын, ол үшін баршаларына рахмет айтқанымыз жөн болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты
Дереккөзbaq.kz