Басты бет Жаңалықтар Назым Қызайбай жекпе-жекте ресейлік боксшыны жеңді

Назым Қызайбай жекпе-жекте ресейлік боксшыны жеңді

Ақмола облысындағы Щучинск қаласында Марина Вольнова жүлдесіне өтіп жатқан турнирде бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

©КФБ (Сергей Штрак)

Қызайбай ресейлік Гелюса Гадиеваны 5:0 есебімен жеңді.Осы салмақтағы Жайна Шекербекова да Жазира Орақбаевадан дәл осындай есеппен басым түсті.

2010 жылғы Азия чемпионы Мадина Нұршаева (69 келі) Гүлдана Қалмұратты, Дариға Шәкімова (75 келі) Сәния Айтжанованы, Ләззат Күнгейбаева  (81 келіден жоғары) Нұржанат Тілеуімбетованы жеңді.

Турнирге Қазақстан, Вьетнам, Үндістан, Украина, Қырғызстан, Қытай Тайбэйі және Ресей сияқты жеті мемлекеттің боксшы қыздар қатысуда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version