Сыбайлас жемқорлықты анықтауда 1999 жылғы көрсеткіш ең жоғарғы болып есептеледі. Бұдан басқа есептеу кезінде 9 халықаралық рейтингтік агенттіктер зерттеулерінің нәтижелері ескеріліп, оның 6-ы бойынша елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіштерінің жақсаруы байқалуда.
«Мемлекеттік қызметтердің ашықтығынын арқасында біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік. Бүгінгі күні біз Алматы облысының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметтердің 342 түрі бойынша қызметіне талдау жүргіздік. Нәтижелері Этика кеңесінің отырысында талқыланды. Биыл облыстың кейбір аудандарында арнайы ХҚКО құру жоспарланып отыр», — дейді Д.Сабырбаев.
Сондай-ақ, күні кеше халықаралық деңгейдегі жағымды жаңалық жария етілді. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Страгетиясы қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізін қалады.
Атап айтсақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар арқылы сыбайлас жемқорлықты қоғамның қабылдамау ахуалын қамтамасыз ету және қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту сұрақтарын жүзеге асыру қолға алынды.