Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында алғыс айту мерекесі тойланды

Алғыс айту күні – әр этнос өкілдерінің қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқымызға терең тағзымының белгісі, тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні.

Сонымен қатар, жалпы республикалық «Қарттарым-қазынам» қайырымдылық концерті, «Тату көршілер» акциясының аясында «Қайырымды көршіге рахмет» шарасы, «Медиация орталығының» ашық есік күндері, білім беру мекемелерінде сынып сағаттары, ашық сабақтар, эсселер, суретшілер байқауы, денсаулық сақтау мекемелерінің «Салауатты Ел — болашақ негізі» ашық есік күні, этномәдени бірлестіктердің жастарының аға буын өкілдерімен «Алғыс арқалаған жандар» тақырыбында кездесулер өтіп жатыр.

«Халқымыз қашан да «ырыс алды — ынтымақ» деп баса айтқан. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған барлық деңгейдегі шараларға әрдайым ақпараттық қолдау танытып жүрген сіздерге де алғыс айта отырып, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық тілеймін. Он күндікте өткізілген әрбір жағымды жаңалықты, тағылымды шараны Жетісу жұртшылығына жеткізгендеріңіз үшін рахмет», — деп Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақиянов Оралбек конференцияны қорытындылады.

Депортация басталған қиын-қыстау кезеңде біздің ата-апаларымыз өзге этнос өкілдерін бауырына басып, қамқор құшағына алды. Үйлерінен орын беріп, бір үзім наны мен жарты құртын бөлісіп жеді. Осылайша, кеңпейілдігі мен дархандығын танытты. Келген ағайындар да қол қусырып қарап отырмады. Қолына күрек пен кетпен алып, егіншілікпен айналысты.

Алғыс айту күні – тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні десек те артық емес. Біртұтас азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайтудың жарқын үлгісі. Алғыс айту дегеніміз – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.