Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында 7 жасар бала оқыс оқиғадан көз жұмды

Алматы облысында 7 жасар бала оқыс оқиғадан көз жұмды

Қайғылы оқиға 28 ақпан күні Алматы облысының Сырымбет ауылында орын алған.

Фото: Polit.info

Екінші сынып оқушысы мектептен оралғаннан кейін, аулада ойнап жүрген. Сол уақытта ата-аналары үйінде болмаған. Әкесі Алматыда жалдауда жұмыс істейді, ал анасы Текелі қаласында болған. 7 жасар баланың денесін өтіп бара жатқан тұрғындар үй маңындағы арықтан тапқан.

Әзірге Алматы облысының Ішкі істер департаменті оқыс оқиға жайлы ешқандай ақпарат берген жоқ.

«Қазір баланың денесін сараптамалық тексеріске алып кетті. Біз жерлеу рәсіміне дайындалып жатырмыз», — деді баланың үй іші.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version