Екінші сынып оқушысы мектептен оралғаннан кейін, аулада ойнап жүрген. Сол уақытта ата-аналары үйінде болмаған. Әкесі Алматыда жалдауда жұмыс істейді, ал анасы Текелі қаласында болған. 7 жасар баланың денесін өтіп бара жатқан тұрғындар үй маңындағы арықтан тапқан.
Әзірге Алматы облысының Ішкі істер департаменті оқыс оқиға жайлы ешқандай ақпарат берген жоқ.
«Қазір баланың денесін сараптамалық тексеріске алып кетті. Біз жерлеу рәсіміне дайындалып жатырмыз», — деді баланың үй іші.