ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті болып Жанат Түсіпбеков сайланды

ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбековтің өзі атап өткендей, ол антидопингтік саясатты күшейту жұмыстарын жалғастырады және спортшыларды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады.

Сондай-ақ, федерациясының президенті жергілікті ауыр атлетика федерацияларын дамытып, инвестиция тартпақ.

 «Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті, бас хатшы, бес құрлықтық федерация президенттері бір іс-шарада бас қосуы өте сирек жағдай. Бұл — еліміздегі ауыр атлетика  спорты саласындағы Жанат Түсіпбековтің орнының қандай екенін білдіреді», — деді ҚР ААФ бас хатшысы Омар Мұстафин.

ДереккөзSport.inform.kz