Басты бет Жаңалықтар Еліміздің оңтүстігін қалың қар басады — Қазгидромет

Еліміздің оңтүстігін қалың қар басады — Қазгидромет

2 наурыз күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

©inform.kz

Республиканың оңтүстігі мен солтүстік-батысына қар қалың түседі. Республиканың батысы мен солтүстік-батысында ғана қар жаумайды. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түсіп, жолда көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында боран болады. Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысында күндіз желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version