«Қарағанды облысында АИВ-пен ауыру бойынша статистика шиеленіс туғызып отыр. 2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өңірде АИВ жұқтырған 4415 адам және ЖИТС жұқтырған 920 адам тіркелген. Жұқтырғандардың ішінде балалар да бар — 51. 1971 адам қорғалмаған жыныстық байланыстан жұқтырған», — деп хабарлады орталықтың маманы Динара Балғымбекова.
«Айта кету керек, адамдардың бұл категориясы ешқашан есірткі мен алкоголь қолданбаған. Қазіргі уақытта жыныстық жолмен жұқтыру ушығып отыр», — деді Динара Балғымбекова.
«Біз АИВ туралы қорқытып айтпауымыз керек, алдын алу үшін айтуымыз керек. Жастарға некеге дейін міндетті түрде АИВ сынағынан өтуді жеткізу маңызды Бүгінде бұл уақытқа тәуелді тенденция», — деді маман.