Жарыста айдын иелерінен бөлек, Астана қаласынан және Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген хоккейшілер бақ сынасуда. Үздік ұжым айналмалы жүйе бойынша өтетін сайыс арқылы анықталады.
Допты хоккейден ел чемпионаты Шығыста осымен үшінші мәрте өткізілуде. Хоккейшілердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған.
Айта кетейік, ең жас қатысушы 19-да болса, егде тартқандары — 60-ты алқымдаған спортшылар.