Басты бетҚаладағы тиімсіз...

Қаладағы тиімсіз ПИК-нің саны 40%-дан асады

Әкімнің айтуынша, әрбір тұрғынды үш сұрақ мазалайды – ол коммуналдық қызметтің ашықтығы, ПИК қызметі мен инженерлік желі, лифт, шатыр, қасбет.

«Осы мәселені шешу үшін әкімдік ТКШ – Е – ПИК цифрландыру жобасын қарастырып,

оның басты ережесі етіп «бәрі әділетті және түсінікті болуы керек», яғни мақсатсыз қаржы жұмсаған қызмет көрсетуші компанияның жұмысы бірден тоқтатылады», – деді әкім.

Цифрландыру сондай-ақ шығынды азайтуды да қарастырады. Өзара хабарласып отыратын, датчик кешеніне біріктірліген тұтас жүйені енгізу, барлық инженерлік желі жұмысын реттеуге, оның энергиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Жүйені енгізу бойынша жұмыстар 440 ПИК ішінен 252 ПИК-те басталып та кетті. Біздің негізгі мақсатымыз тұрғын үй қорын пайдалануға жататын және сақтау үшін қажетті жағдай жасау. Соңғы екі жылда ПИК-пен бірлесіп меншіктік құқықты анықтау бойынша жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде тіркелген кондоминиум санын 97%-ға дейін жеткіздік, бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш», – деді Әсет Исекешев. 

Оның айтуынша, қалада тиімсіз болып тұрған ПИК саны 40% құрап отыр. Астанадағы тұрғындардың мүддесін қорғау үшін осындай қайырымсыз ПИК-тер санын қысқарту жөнінде шара қолданып, олардың жұмысына стандарт енгізілді.

ПИК-терді тексеру нәтижесінде 2017 жылы 115 ескерту беріліп, 42-сі басқару органдарына әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот органдарына 22 ПИК бойынша материал жөнелтілді.

«Басқару органдарының тексеру нәтижесінде 110 астам тұрғын үй қасбетінің техникалық жағдайын қалпына келтіріліп, 300 үйдің жалпы мүлкіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Басқару органдарымен бірге Астана әкімдігі мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) техникалық тексеру жүргізілді. Биыл 2000 жылға дейінгі салынған барлық үйлерді тексеру жоспарланды», – деп хабарлады әкім.

ДереккөзAstana.gov.kz