2017 жылы Астанада 2,36 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Бұдан басқа, әкімнің айтуынша, қолжетімді несиемен және жалдамалы баспананың құрылысы бірінші нарықтағы үйлердің бағасын төмендетуге алып келген. Мемлекеттік баспананың бағасы бүгінде шаршы метрі 180 мың теңгенің айналасынан аспай тұр.

«Нарықтағы бәсекелестікті сақтау үшін астаналық мердігерлер жыл сайын бағаны төмендетуіне тура келеді. Соңғы үш жылда астана нарығындағы бірінші сатылымдағы үйлердің бағасы орта есеппен шаршы метрі 355,5-тен 324,1 мың теңгеге дейін төмендеді. Оған қоса, нарықта шаршы метрі 260-280 мың теңге тұратын ұсыныстар да бар», – деді әкім.

ДереккөзAstana.gov.kz