Қазақстандағы «Алтын адам» Әзірбайжанға жеткізілетін болды

Ұлттық мұражай қызметкерлері Бакуде өтетін көрмеге сақ көсемінің қабірінен табылған алтын киімі мен 130-дан аса зергерлік бұйымдарды апарады. Мамыр айында ашылатын «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнердің жауһарлары» атты көрме Әзірбайжанның тарих мұражайында өтеді. Бұдан бөлек қазақ пен әзербайжан халқының ортақ мәдениетін паш ету мақсатында көрменің бір бөліміне түрлі алтын бұйымдар қойылады. Көрмеге қойылатын зат туралы ақпарат қазақ және әзербайжан тілінде жазылып, кітапша жарық көреді. Келесі жылы дәл осындай көрмені Қазақстанда ашу жоспарда бар.

Біз Әзірбайжан халқының қазақ мәдениетімен танысуын қош көрдік. Ең алдымен бізді Қазақстанның Ұлттық мұражайында тұрған «Алтын адам» қызықтырып отыр. Ол – қазақ мәдениеті мен түркі әлеміне жаңа жол ашқан бірегей дүние. Әзербайжанға әкелінетін барлық зат тұтас экспозицияны құрайды, бұл көрменің тарихи маңызы зор. Осы шараны ұйымдастырғаны үшін Қазақстанның Ұлттық мұражайындағы әріптестерімізге алғыс айтамыз, — деді Әзірбайжан тарих мұражайының қызметкері Сабухи Ахмедов.

Дереккөз24.kz/kz