Басты бет Мәдениет «Хабар» мен «Ел арна» «Оскар-2018» киножүлдесін көрсетеді

«Хабар» мен «Ел арна» «Оскар-2018» киножүлдесін көрсетеді

5 наурыз күні «Хабар» және «Ел Арна» телеарналары «Оскар» жүлдесінің 90-шы марапаттау рәсімін тікелей эфирде көрсетеді.

©sputres.ru

Көрсетілім таңғы 5.30-да «Ел Арна» телеарнасында жұлдызды қонақтардың  Лос-Анджелес қаласында орналасқан «Долби» театрындағы қызыл кілемнен жүріп өту салтанатынан басталады.

Кешті танымал тележүргізуші және комик Джимми Киммел жүргізеді.

Шараға белгілі киносыншылар Дмитрий Мостовой, Нұржан Еркінұлы және Карим Кадырбаев комментаторлық етеді.

Оскар» жүлдесін дүниежүзіндегі барлық киносүйер қауым күтеді, бұл киноиндустриядағы ең басты оқиғалардың бірі.

Салтанатты шара Пхёнчхан қаласындағы Олимпиада ойындарына байланысты наурыз айына ауыстырылған болатын.

Жылдағы дәстүр бойынша «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік актер», «Үздік актриса» және т.б. аталымдар бойынша 24 жеңімпазға статуэтка табыс етіледі.

Биыл режиссер Гильермо дель Тороның «Форма воды» картинасы 13 аталымға ұсынылып, номинация саны бойынша көш бастап тұр. Онан кейін «Дюнкерк» фильмі 8 номинацияға, ал «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» туындысы 7 номинацияға ұсынылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version